Астанада «Хан шатыр» маңындағы ғимарат отқа оранды (ВИДЕО)

Өрт Тұран көшесінде орналасқан ғимараттан шыққан.

Астанада «Хан шатыр» маңындағы ғимарат отқа оранды (ВИДЕО)
скриншот
739

Әлеуметтік желіде Астанада Хан Шатырдың» жанында орналасқан ғимарат өртеніп жатқаны таспаланған видео тарады.

Оқиғаға байланысты ҚР ТЖМ мәлімет таратты.

Министрліктің мәлімдеуінше осы минуттарда Тұран данғылында орналасқан ғимараттан шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран, 37/9 мекенжайына шықты. 

Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары