Асу Алмабаевты UFC-дегі үшінші жеңісінен кейін жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды (ВИДЕО)

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) UFC-дегі үшінші жеңісінен кейін елге оралды.

Асу Алмабаевты UFC-дегі үшінші жеңісінен кейін жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды (ВИДЕО)
darteam.kazakhstan
376

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) UFC-дегі үшінші жеңісінен кейін елге оралды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшыны жанкүйерлері Алматы әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды. Алмабаевты қарсы алу рәсімі таспаланған видео Instagram желісіндегі Dar Pro Team парақшасында жарияланды.

Еске сала кетсек, аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен UFC on ESPN 58 турнирінде Алмабаев мансабында алғаш рет негізгі кардта өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы америкалық Хосе Джонсонды (16-9) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (үш рет 30-27) жеңді. 

Октагондағы сұхбат кезінде ол дивизионда төртінші орында тұрған жаңа зеландиялық Кай Кара-Франсты (24-11) жекпе-жекке шақырды. 

Серіктес жаңалықтары