Ақтаулық жасөспірім шахматтан Азия чемпионатында алтын алды

Чемпионатқа Азияның 34 елінен 63 шахматшы қатысты.

Ақтаулық жасөспірім шахматтан Азия чемпионатында алтын алды
sport_basqarmasy_mangystau
451

Ақтаулық Эдгар Мамедов шахматтан Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді.

12-19 маусым аралығында өткен жарыста жасөспірім «14 жасқа дейінгі» категория бойынша сынға түсті. 63 шахматшыны біліктілігімен басып озған Эдгар Мамедов былтыр да жедел шахматтан(рапид) Азия чемпионатына қатысып, үздік нәтиже көрсеткен болатын. Бірақ биыл жасөспірім классикалық шахмат бойынша бақ сынады. Шахматшының анасы Гүлнар Мамедова ұлына қолдау көрсеткен жандарға алғысын айтты.

«Чемпионатқа Азияның 34 елінен 63 шахматшы қатысты. Бұл сайыста да Эдгар өзінің шеберлігін көрсете білді. Ұлымды мақтан тұтамын. Сайыс қорытындысы бойынша алты жеңіс пен үш «тең нәтиже" көрсетіп, 9 – дан 7½ ұпай жинады. Менің ұлыма үнемі қолдау көрсетіп отыратын Ақтау қаласы әкімдігіне, Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, жаттықтырушыларға алғысымды айтамын», - деді шахматшының анасы Гүлнар Мамедова.

Айта кетейік, Қазақстанның он дүркін чемпионы, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионы Эдгар Мамедов осы жылы халықаралық шебердің үшінші нормасын орындап, ФИДЕ рейтингісін 2405 пунктке дейін көтерген болатын. Сондай-ақ, 13 жасында ол Гроссмейстердің бірінші нормасын орындаған.

Серіктес жаңалықтары