Ақтауда сарбаз өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «10 наурыз күні шамамен 16:00-де Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің санитариялық торап ғимаратында қатардағы жауынгер М.А. Шишімбаевтың мәйіті табылды. Оның басынан АК-74 автоматының оғы тиген» делінген хабарламада. Сол күні ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы аталған фактіні ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлімі бойынша («Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу») Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, марқұмға қатысты сот психологиялық-психиатриялық зерттеулер де жүргізу көзделіп отыр.
Жүктелуде...