Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Алтыншы ауданның атауын таңдау үшін ғалымдардың қатысуымен бірнеше отырыс өткізілген.

Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді
istockphoto.com
373

Астанада 2024 жылдың 19 маусымында жаңа ауданның атауы бекітілді.

Елорданың тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, алтыншы ауданның атауын таңдау үшін ғалымдардың қатысуымен бірнеше отырыс өткізілген.

«15-ке жуық ұсыныс түсті. Олардың төртеуі іріктелді: Сарайшық, Сауран, Тұран және Жерұйық. Олар бойынша ономастикалық комиссияның тағы бір отырысы өтті. Содан кейін дауысқа салынып, көпшіліктің даусымен Сарайшық нұсқасы таңдалды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары