Алматыда Африка азаматтары қамауға алынды

Олардың көбінің жеке басын растайтын құжаттары жоқ.

Алматыда Африка азаматтары қамауға алынды
Polisia.kz
575

Шетелден келген заңсыз мигранттар Алматының әртүрлі нысандарында заңсыз жұмыс істейді. Бір күн бұрын қаладан бірнеше шетелдік ұсталды.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, қалаға жүргізілген рейд нәтижесінде барлығы 40 шетелдік ұсталды. Олардың көбінің жеке басын растайтын құжаттары жоқ.

«Көбі – көршілес шекаралас мемлекеттер мен Африка континентіндегі елдердің азаматтары. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша қабылдау-бөлу орнына орналастырылады», – деді Бутунчинов.

Енді оларға қатысты еліміздің көші-қон заңнамасын бұзу бойынша материалдар жиналады.

Серіктес жаңалықтары