808
Олимпиада жолдамасын ұтып алған 18 жастағы спортшы қайтыс болды
Ол Олимпиада ойындарында тарихи Отаны Тонгоның атынан қатыспақ болған.
Олимпиада жолдамасын ұтып алған 18 жастағы спортшы Жексон Жеймс Парижде өтетін басты ойындардың басталуына бірнеше апта қалғанда қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Ұлыбританияда туып-өскен жас спортшы Олимпиада ойындарында тарихи Отаны Тонгоның атынан қатыспақ болған. Ол онда желкен спортының бір түрі саналатын кайтбордингтен бақ сынауға арнайы квота алған болатын.
Райс Тонгода өзенде жаттығып жүргенде қайтыс болған. Белгілі болғандай, ол су астында есінен танып қалған. Райстың денесін қайықтың қасынан тапқан.