Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 5 жобасын қарап, талқылайтын болады.

Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
cурет: parlam.kz
400

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа заң жобаларының ішінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы мен Салық кодексіне ілеспе түзетулер; Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахараның оңтүстігіне қарай Африка елдеріне және Иракқа шектеулі және біртіндеп таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау жобасы; Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына әдеттегі операцияларға жарғылық капиталдық шектеуді жою мақсатында түзетулерді ратификациялау жобасы; ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау жобасы; Қазақстан мен БҰҰ арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхит министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау жобасы бар.

Серіктес жаңалықтары