Ақын Жүрсін Ерман ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына шықты

Ақын Қостанай қаласында өткен республикалық ақындар айтысына арнайы барған.

Ақын Жүрсін Ерман ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына шықты
Фото: Facebook/ Аманжол Әлтай

7 маусым Қостанай қаласында халық ақыны Қонысбай Әбілді еске алуға арналған «Тобыл-Торғай топжарғаны» республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жүрсін Ерман айтыста қазылар алқасына төрелік еткен. Ал былтыр ауырып, жансақтау бөліміне түскен Жүрсін Ерманның фотосын Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай әлеуметтік желіде жариялады.

«Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін», - деп жазды Аманжол Әлтай.