Су тасқыны: Оралда саяжай тұрғындарына 62 жаңа баспана берілді

Күні бүгінге дейін техникалық зерттеу мекемелерімен 2 300 жалғыз тұрғын үйі бар азаматтардың мекенжайлары бойынша тексеру жүргізілді.

Су тасқыны: Оралда саяжай тұрғындарына 62 жаңа баспана берілді
istockphoto.com
604

Оралда қалалық комиссияға саяжай тұрғындарынан су тасқыны салдарынан келтірілген шығынды өтеу жөнінде 10 492 өтініш түсті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінен мәлім еткеніндей, соның ішінде 4 519 тұрғынның үйі жалғыз баспана болып шықты. 5 967 өтініш иесінің ҚР аумағында екі немесе одан көп тұрғын үйі бар екені анықталды.

Күні бүгінге дейін техникалық зерттеу мекемелерімен 2 300 жалғыз тұрғын үйі бар азаматтардың мекенжайлары бойынша тексеру жүргізілді.

«Қалалық комиссия 2 098 материалды қарап, соның қорытындысы бойынша 1 395 үй тұруға жарамсыз деп танылды. 473 үй жөндеуге жатады (15 азаматқа барлығы 35,2 млн теңге төленді). 230 мекенжай бойынша үйге су кірмеуіне немесе жер учаскесінде құрылымның болмауына байланысты жаңа баспана берілмейді. Комиссияның қорытындысы бойынша 62 отбасына тұрғын үйдің кілті табыс етілді. Бүлінген мүлікті өтеу бойынша (150 АЕК-ге дейін) 1 462 үйге шығынды бағалау жүргізіліп, қорытынды шықты. Жұмыс жалғасуда», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары