«Қойшы бала» лақап атымен танылған Айдос Кәден жаңа продюсерін таныстырды

Ал желі оқырмандары әншінің Жігер Ауыпбаевпен жұмыс істемей кеткеніне ашуланып, пікір қалдырып жатыр.

«Қойшы бала» лақап атымен танылған Айдос Кәден жаңа продюсерін таныстырды
instagram

Ел арасында «Қойшы бала» лақап атымен танымал Айдос Кәден TikTok желісінде жаңа продюсерін таныстырды. 11-сынып оқушысы қазір Қанағат Меченбаймен жұмыс істейтін болып шешкен.

Қанағат Меченбайдың айтуынша, «Қойшы баланың» Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне үш ай болған. «Туысқан інім. Жұмыстары біткеннен кейін қолыма алып, әрі қарай бірге жұмыс істейтін болдық. Бірге дуэт жазамыз», - деді ол.

Айдос Кәденнің өзі ауылға айына екі рет барып тұратынын айтты. Ол көпшілікке жақында бейнебаян шығатынын да мәлімдеді. Ал желі оқырмандары әншінің Жігер Ауыпбаевпен жұмыс істемей кеткеніне ашуланып, пікір қалдырып жатыр.