Желіде Димаш Құдайбергеннің қалыңдыққа сақина салған сәтінен видео тарады

Әнші Димаш сұлу қызға сөз салып жанкүйерлерін дүр сілкінтті.

Желіде Димаш Құдайбергеннің қалыңдыққа сақина салған сәтінен видео тарады
видеодан алынған скрин

Әлемге танылған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің бейтаныс арумен фотосессия жасап жатқан сәтінде түсірілген кадрлар Қазнетті шулатты, деп жазды turkystan.kz.

Әншінің бұл әрекеті жақында қуанышты жаңалық болатынын аңғартса керек. Желі қолданушылары бұл ретте екі түрлі болжам айтқан. Бірі өнер иесі шаңырақ көтереді десе, екіншілері жаңа клиптің жарнамасы деседі.

“Қыздар жылайтын болды-ау”, “Жарнамаға түсіп жатыр екен”, “Бақытты болсын”, “Димаш ең жақсы қызға лайық”, “Өзіне сай ізгі жан жолықсын”, “"Шын ба? Біздің періштеміз үйленгелі жатыр ма?", "Қазақ па екен?", "Қыз нәзік әрі әдемі екен", "Аллам осы баланы үйлендірсе екен", "Шүкір, Димаштан жақсы жаңалық естідік", – деп жазды желі қолданушылары.