Шымкентте мемлекеттік құпияларды жария еткен қызметкер сотталды

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

Шымкентте мемлекеттік құпияларды жария еткен қызметкер сотталды
Turkystan.kz
Автор
Админ
635

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

"Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді. Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады", - делінген хабарламада.    

Үкім заңды күшіне енді. 

Серіктес жаңалықтары