Димаш Құдайберген Түркиядағы концерттен кейінгі әсерін бөлісті (ВИДЕО)

Концерт әншінің жанкүйерлерінің көңілінен шыққан.

Димаш Құдайберген Түркиядағы концерттен кейінгі әсерін бөлісті (ВИДЕО)
Фото: ©kudaibergenov.dimas

Атақты қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде Түркиядағы концерттен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Димаш әлеуметтік желідегі парақшасына 3 маусым күні Ыстанбұл қаласында өнер көрсеткен сәтінен видео жариялап, сипаттамасына «ұмытылмас күн» деген мәтін қалдырды.

Оның жазбасына тыңдармандары өз таңданыстары жайлы пікір білдіруге асықты.

"Сіз кереметсіз! Керемет кеш болды. Жаңа сезімдер үшін рахмет! Ыстанбұлдағы концерт ең мықты кештерді бірі болды. Сіз сахна патшасысыз! Керемет талантыңызды әлеммен бөліскеніңіз үшін рахмет. Бұл сиқырлы сәт болды. Мен сені сүйемін! Керемет көрініс! Рахмет, Димаш!"- деп жазды суретшінің ынтызар оқырмандары.