«Бұл балабақша емес, армия»: Қазнетті шулатқан сарбаздың видеосына қатысты анасы пікір білдірді (ВИДЕО)

Сарбаз Александр Землянкиннің ант беру рәсіміне оның туыстары келе алмады.

«Бұл балабақша емес, армия»: Қазнетті шулатқан сарбаздың видеосына қатысты анасы пікір білдірді (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот
12153

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған сарбаздардың видеосы тарады. Әскер қатарына қосылған сарбаздардың бірінің туыстары әскери ант қабылдау рәсіміне келе алмаған. Ал көптің арасында жалғыз қалған сарбаздың видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Солдатты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің басшысы майор Нұрбол Шалабаев видеоға түсірген. Кейін бейнежазбаны TikTok парақшасына жүктеген.

«Сәттілік серік болсын, сарбаз! Қуанышты күндеріңнің бәрі алда! Мұңайма!», - деді видео авторы.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Видео екі миллионнан астам қаралым көрсеткішін жинаған. Сондай-ақ видео сипаттамасына қазақстандықтар 14 мыңнан астам пікір қалдырып, жауынгерге қолдау білдірген.

Ал белгілі журналист Асхат Ниязов жауынгердің анасымен сөйлескенін мәлімдеді.

«Сарбаздың анасына қоңырау шалдық. Бірақ ол кісі видеоға қатысты әңгімелердің тыйылғанын қалайды. Өйткені, ол «Бұл балабақша емес, армия» деп есептейді. Ол алғашқы күннен-ақ іс-шараға баруды жоспарламаған», - деп жазды журналист Асхат Ниязов Instagram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары