Шығыс Қазақстанда жаңа амбулатория қолданысқа берілді

Біз бүгінгі күнге дейін ауылдық әкімшіліктің екінші қабатында орналасқан шағын бөмеде дәрігердің қабылдауында болып келдік. Ол жерде жатып емделуге мүмкіншілік мүлде болмады.

Шығыс Қазақстанда жаңа амбулатория қолданысқа берілді
667

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында Глубокое ауданының  Прапорщиково ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді.


«Енді ауыл тұрғындары ыңғайлы жағдайда медициналық көмек ала алады. Амбулатория тәулігіне 25 адамды қабылдауға арналған. 5 төсектік күндізгі стационары бар. Қажетті жабдықтармен жабдықталған жаңа заманауи ғимарат медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарта түспек», – дейді «AMANAT» партиясы Глубокое аудандық филиалының төрағасы Анна Кузнецова.

 Сайлау науқаны кезінде Прапорщиково ауылының тұрғындары аталған ауылға дәрігерлік амбулатория қажеттігін айтқан болатын. Ауылдықтардың ұсыныс тілектері ескеріліп партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасына енгізілді. 


«Біз бүгінгі күнге дейін ауылдық әкімшіліктің екінші қабатында орналасқан шағын бөмеде дәрігердің қабылдауында болып келдік. Ол жерде жатып емделуге мүмкіншілік мүлде болмады. Ал қазір заман талабына сай дәрігерлік амбулаторияның ашылып жатқанына ауылдықтар шын қуаныштымыз», – дейді ауыл тұрғыны Жұлдыз Искакова.


Аталған нысанның құрылысы басталған күннен қолданысқа берілгенге дейін толықтай «AMANAT» партиясының бақылауында болып, құрылыс жұмыстарының әр сатысында депутаттар, қоғамдық кеңес өкілдерінен құралған топ қадағалаулар жасады. Бұл ретте, нысандағы партиялық бақылау бекетіне Глубокое аудандық мәслихатының депутаты Алтай Қалиғожин жетекшілік еткенін айта кеткен орынды.

Серіктес жаңалықтары