Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да Париж Олимпиадасына барады

63,5 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Александру Парасчивті жеңді

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да Париж Олимпиадасына барады
Телжан Күдеров

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Қазақстан қоржынына Олимпиада ойындарының 58-жолдамасын салды, деп жазады turkystan.kz.

63,5 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы молдовалық Александру Парасчивті 5:0 есебімен жеңді. 

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында толық құрамда өнер көрсетеді.