608
Бас прокуратура қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады
Бас прокуратура қазақстандықтарға маңызды үндеу жариялады, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.
Жақында мессенджерлерде жалған аккаунттар құру, прокуратура органдары қызметкерлерінің, тіпті басшылығының атынан алаяқтық әрекеттер белгілері бар қоңыраулар мен хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті, деп мәлімдеді ведомство.
Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады. Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, – деді баспасөз қызметі.