«Үлкендердің айуандығымен күреспей ме?»: Қарақат Әбілдина дабыл қақты

Танымал әнші әлеуметтік желіге отбасымен бірге түскен видеосын жүктеді.

«Үлкендердің айуандығымен күреспей ме?»: Қарақат Әбілдина дабыл қақты
© сурет интернеттен алынды
849

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде жариялаған қызының видеосын инстаграм әкімшілігі өшіріп тастағанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

 

«Отбасылық демалыстан естелік болсын деп салған жып-жылы видеоны инстаграм өшіріп тастапты. Көргендер болса біледі, соңына қарай Айзонтай іш киімде атып шыққан еді, сол ұнамай қалса керек. Дұрыс шығар, ашық-шашық бейнеге тыйым салғаны ғой инстаграмның.

Менің сұрағым бар. Сонда интернет толы жалаңаштанған сорақы видеолар ше? Тегін. Бас та, көре бер. Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?! Ол тіпті мүмкін бе? Тиктогың анау, жас-кәрі демей бәрі есінен адасқан есалаңша елірген видеолар салып жарысады.

Атағың шықпаса жер өртенің кері. Қарадай қарап түңілесің. Оған құлақ асып жатқан тағы ешкім жоқ. Әр жазбаңның астына анайы пікір жазатын парақшалар қаншама. Бұғаттағаннан басқа амалың жоқ. Жақсылық ойлайық дейсің ғой, бірақ жәй қарап отыра алмайсың.

Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың, алаңдайсың. Амал жоқ, заман осы. Алла адастырмай, өздеріне сана берсін дегеннен басқа не?! Кішкентай баланың бейнесін аңдығанша, әуелі үлкендердің айуандығымен күреспей ме?!» — деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары