ҚТЖ-ға қарасты ЖШС басшылары сотталды
Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлады.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды, – деп жазылған ақпаратта.
Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.