Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар сотталды

24 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар сотталды
inform.kz
754

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың алдын алу мақсатында Қордай ауданы прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрды, деп хабарлады turkystan.kz.

2023 жылдың аяғында жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан және Бангладеш елдерінің 20 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 4 тұлға ұсталды.

Аталған факті бойынша Қордай аудандық ПБ-мен ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тергеп-тексерілді.

«Қордай аудандық сотының үкімдерімен 24 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Азияның 20 азаматы мерзімін өтегеннен кейін елден шығарылды. Сот үкімдері заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас аудан прокуратурасының үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Непал Республикасының 10 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 қылмыскер құрықталып, 12.05.2024 жылғы сот санкциясымен қамаққа алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары