Орал қаласында жұмысшы зауыттағы станокқа қысылып қалып, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.
Zakon.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 27 мамырға қараған түні болған.
«Кірпіш зауытындағы станокта жұмысшының қысылып қалғаны туралы қоңырау 2:53-те түсті. Жедел жәрдем оны алып кеткенімен, ол ауруханаға тірі жете алмады. 51 жастағы ер адам көлікте алынған көптеген жарақаттар салдарынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
БҚО еңбек инспекциясы басқармасы қызметкердің қайтыс болу мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.