Жезқазғанда екі қабатты үй өртенді

Қызыл жалын 30 шаршы метр алаңды шарпыған

Жезқазғанда екі қабатты үй өртенді
ontustiktv.kz

Ұлытау облысы Жезқазғанда екі қабатты үйде өрт шықты. Ғимарат бұрын қонақ үй кешені болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Baq.kz мәліметінше, қызыл жалын 30 шаршы метр алаңды шарпыған.

Өрт сөндірушілер келген кезде үй ішінде мас халдегі ер адам болған. Ол құтқарылды. Ер адам жедел жәрдем бригадасына берілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.