«Тірісінде ата-анаға жақсы сөздер айт»: Актер Азамат Сатыбалды тікелей эфирде көз жасына ерік берді

Азамат Сатыбалды өмірлік өкініші жайлы сыр шетті.

«Тірісінде ата-анаға жақсы сөздер айт»: Актер Азамат Сатыбалды тікелей эфирде көз жасына ерік берді
710

 "1001 түн" бағдарламасының тележүргізушілеріне сұхбат берген белгілі актер Азамат Сатыбалды отбасы жайлы естеліктерін айтты, деп жазды turkystan.kz.

Ол әкесі қайтыс болар алдында бата бергенін айтып, көзіне жас алды. 

"Пандемиядан кейін кешқұрым әкем мен анам Назым екеуміздің бөлмемізге кірді. Екеумізді жерге отырғызып, бізбен әңгімелесті. Сол кезде әкем батасын берді. "Балам, мен әкемді де, шешемді де қолымнан аттандырдым. Сонда көрші ата маған "балаңнан қайтады" деп айтып еді. Менің баламнан қайтты. Мен Назым екеуіңе екі дүниеде де ризамын" деді. Мен сол кезде жылап қалдым да, "әке, ол менің міндетім, парызым ғой, артық кеткен жерім болса, кешіріңіз" деп кешірім сұрай алмай қалдым. Өйткені жылап, әкемді құшақтай бердім. Ол 20 күннен кейін қайтыс болды. Әлі күнге дейін сол сөзді айтпағаныма өкінемін. Қазір әке-шешесі бар адам көрсем, қызығамын, бір жағынан қызғанамын. Өйткені сауап алатын дүние көп", - деді Азамат Сатыбалды.

Сондай-ақ актер көзі тірісінде ата-анаға жақсы сөздер айту қажет екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары