25 жыл бойы асыранды екенін білмей келген келіншек анасымен табысты

Қазіргі таңда Айдана Естенбаева Ақтауда тұрады, отбасы, 4 баласы бар.

25 жыл бойы асыранды екенін білмей келген келіншек анасымен табысты
коллаж
912

Айдана Естенбаева өзінің жетім қыз екенін 25 жыл білмеген. Естенбаевтар отбасында тәрбиеленген келіншек өзінің туған анасын 36 жасында тапты. Бұл туралы turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

1988 жылы 2 сәуірде Айдана Естенбаева дүниеге келген. Бір айдан кейін Тараздағы «Үміт» сәбилер үйіне келіп түсіпті. Сол кезде оның есімі Марианна болған. Сәбилер үйінде Абдуллина Марианна Көңілқосовна деп тіркелген. Ал 3 жасқа келгенде оны Жамбыл облысының Қаратау ауылынан Естенбаевтар отбасы асырап алып, оны Айдана деп атады. Ол өзінің асыранды екенін 25 жасқа дейін білмеген. Тек туыстарының арасында осындай әңгіме жүргенін естіп қалыпты.

Өзінің тегін, анасын, әкесін білмей жүрген кейіпкер отбасын тапқысы келеді. 

2012 жылы асыранды екенін білген соң ол анасын іздеуді бастаған. Сөйтсе анасы 1970 жылғы Мақашева Ш екені белгілі болады. Алайда қазақстандықтар базасынан ондай адамды таба алмапты.

Қазіргі таңда Айдана Естенбаева Ақтауда тұрады, отбасы, 4 баласы бар. 

1991 жылы асырап алған Естенбаевтардың Айданадан бөлек 3 ұлы және 1 қызы бар. Ұлдары өскеннен кейін бала асырауды қалапты. Айдананы әкелгенде, Жангелді есімді ағасы 30-да болған.

Ал Айдананың әпкесі оның анасы Айдананы 16 жасында туып, сәбилер үйіне өткізіп жібергенін айтады. Сол кезде елде вьетнамдық студенттер көп болғандықтан, солардың бірімен көңіл жарастырып, кейін жігіт өз еліне кетіп қалған шығар деп болжаған.

Айдана осы уақытқа дейін өзінің асырап алған отбасынан қысылып, анасын іздеп жүргенін айтпаған екен. Бірақ қазір асырап алған ата-анасы өмірден өткен. Енді ол өз анасының тірі-тірі емесін білгісі келеді. 

Көп іздеуден соң және «Көреміз» бағдарламасының көмегімен ол өз анасымен табысты. Туған анасы атыраулық екен, ал әкесі қайтыс болса керек. Анасы қызын кейін алып кетемін деп ойлағанымен, үлгермей қалыпты.

Ол жастайынан жүкті болған соң, ата-анасы ұят деп Таразға апарып тастаған. Сол жерден босандырып, алып келеміз деген.

«Ол кезде енді оқуға түстім. 15 жасымда жүкті болдым, ал жігіт 17-де еді. «3 жасқа келсін, кәмелетке толған соң алып кетесің» деді. 1-ден кеткенде, сәбилер үйіне барып, оны көрдім. Өте әдемі, шашы қара қыз еді, күлкісінен танитынмын. 3 жасқа толғанымда барсам, ол жоқ. «Жүрек тесігі» боп көз жұмды деді. Бірақ іштей сезетінмін», – деді Айдананың туған анасы.

Серіктес жаңалықтары