681
Түркістан облысында жоғалып кеткен 10 сынып оқушысының денесі табылды
Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
Түркістан облысында жоғалып кеткен 10 сынып оқушысының денесі табылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Сайрам ауданында болған. Алдын ала дерекке сүйенсек, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Туған-туыстары құзырлы органдарға хабар беріп, іздеу салған. Кейіннен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.
Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды, - деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: