Qazaq Air-ді вьетнамдық компания сатып алмақ

Инвестор 5 жыл ішінде кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр.

Qazaq Air-ді вьетнамдық компания сатып алмақ
Фото: QAZAQ AIR әуекомпаниясы
532

Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық SOVICO Group компаниясы сатып алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен SOVICO Group басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгтың кездесуі кезінде белгілі болды. 

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SOVICO компаниялар тобына кіретін Aviation Holdings Company арасында Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алу шарттарына қатысты міндет жүктейтін ұсынысқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Алдын ала жасалған уағдаластықтарға сәйкес, инвестор 5 жыл ішінде Boeing 737-Max8 және Airbus A320/321 модельді кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр. Сатып алу-сату шартына қол қою және мәмілені аяқтау жұмыстары жақын арада іске асырылмақ.

Сонымен қатар Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында ҚР Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары