Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Магомед Әдиев жаттықтыратын клубты басқарады

Ахмат Қадыров екі күн бұрын Шешенстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Магомед Әдиев жаттықтыратын клубты басқарады
fc-akhmat.ru
600

 

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы  Ахмат Қадыров  Грозный қаласының «Ахмат» клубының президенті атанды, деп хабарлайды turkystan.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ахмат» футбол клубының жаңа президенті болып Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыров тағайындалды. Ахмат Рамзанұлының басшылығымен команданы жаңа жетістік, жеңіс пен жақсы нәтижеге қол жеткізетініне сенімдіміз, – делінген спорт клубының ресми хабарламасында.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Магомед Әдиев 5 сәуірде «Ахмат» клубының бас жаттықтырушы қызметіне тағайындалған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары