Шымкентте марихуана шеккен көлік жүргізушісі қамауға алынды

Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен.

Шымкентте марихуана шеккен көлік жүргізушісі қамауға алынды
Видеодан алынған скриншот

Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған.

Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады. Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.