Эфиопияда қазақтың тарихи тұлғаларына арналған жиын өтті
Іс-шараға қатысушыларға фотокөрме форматында Қазақстанның айтулы күндері мен тарихи тұлғалары туралы толық ақпарат ұсынылды.
Эфиопияда қазақтың тарихи тұлғаларына арналған жиын өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі ұйымдастырған семинар барысында жалпыұлттық тарихты ілгерілету және мәдени құндылықтарға ұқыпты қарау арқылы ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі Қазақстанның қазіргі саясаты ұсынылды. Мәдени шараға Эфиопия СІМ, Африка одағының өкілдері, елшілер мен шетелдік дипломаттар, эфиопиялық сарапшылар, Қазақстан достары клубының мүшелері және БАҚ қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Қазақ хандығының құрылуы, сондай-ақ Ұлы даланың бірқатар тарихи тұлғаларының рөлі туралы айтып берді. Елші қазіргі заманғы прогрессивті даму үшін ұлттық тарихтың ауқымын түсінудің, мәдени мұраны ұқыпты қараудың және ілгерілетудің маңыздылығын айтты. Қазақ дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати, Құдайберген Жұбанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді тарихи Қазақстанның көрнекті тұлғаларының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ биылғы жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Қазақстанның индустриялық дамуының негізін қалаушы академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтті, - деп жазылған хабарламада.
Іс-шараға қатысушыларға фотокөрме форматында Қазақстанның айтулы күндері мен тарихи тұлғалары туралы толық ақпарат ұсынылды.