Президент Сингапурге мемлекеттік сапармен барады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Сингапурге мемлекеттік сапармен барады
planetofhotels.com

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.