Қоғамға қауіп төндірмейтін кейбір құқық бұзу туралы бап Қылмыстық кодекстен алынып тасталады

Өзгерістер мен түзетулер бірінші оқылымда мақұлдады.

Қоғамға қауіп төндірмейтін кейбір құқық бұзу туралы бап Қылмыстық кодекстен алынып тасталады
сурет: egemen.kz

Қоғамға қауіп төндірмейтін кейбір құқық бұзу туралы баптар Қылмыстық кодекстен алынып тасталады. Бұл туралы Мәжілістің ресми телеграм-каналында хабарланды.

Мәжіліс экономикалық құқық бұзуларды қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжілістің мәліметінше, түзетулерді депутаттар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауы мен экономиканы ырықтандыру шаралары туралы Жарлығын орындау мақсатымен әзірлеген.

Қылмыстық кодекстің екі бабы толығымен қылмыссыздандырылады. Қоғамға аса қатты қауіп төндірмейтін экономикалық сипаттағы қылмыстар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылады:

1. Қылмыстық кодекстің 219-бабы – кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану. Құқық бұзушылықтың элементтері біртекті әрі ұрлық, оның ішінде алаяқтық түрінде болғандықтан, Қылмыстық кодекстің 189 және 190-баптары бойынша қарастырылады. Бұл ретте осыған ұқсас әрекет үшін жауапкершілік ӘҚБтК 233-бабында қарастырылған.

2. Қылмыстық кодекстің 241-бабы – бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзу. ӘҚБтК-нің 239-бабының алтыншы бөлігіне ауыстырыла ма? Ол бойынша бүгінде тек заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Түзетулерде жеке тұлғаларға арналған нормалар да енгізіледі.