Жасұзақов Алматы гарнизонын тексерді

Жасұзақов Алматы гарнизонын тексерді

Жасұзақов Алматы гарнизонын тексерді
ашық дереккөзі
ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР ҚМ  баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында Қорғаныс министрі рота командирлерінің «Тактик» біліктілікті арттыру курсының өткізілу жайын тексерді. Сондай-ақ,  ведомство басшысы Құрлық әскерлері мен Құрлық әскерлері Әскери институтының командалық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Отырыста рота командирлерімен курс жұмыстарын әрі қарай сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.   Одан басқа, жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Алматы гарнизонына қарасты 73652 және 11567 әскери бөлімдерін тексерді.