ҰҚҚ жасырын нарколабораториядан 2 тонна тыйым салынған химиялық зат тәркіледі (ВИДЕО)

Ресми мәліметке сүйенсек, тәркіленген есірткінің құны "қара нарықта" 4,2 млрд теңгеге дейін жетеді, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

ҰҚҚ жасырын нарколабораториядан 2 тонна тыйым салынған химиялық зат тәркіледі (ВИДЕО)
сурет: ҰҚҚ баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарының күш біріктіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою операциясы жүргізілді. Бұл туралы ҰҚҚ баспасөз қызметі хабарлады

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетел азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленген.

Ресми мәліметке сүйенсек, тәркіленген есірткінің құны "қара нарықта" 4,2 млрд теңгеге дейін жетеді, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды, - деп мәлімдеді ҰҚҚ.