"Ауруханаға жатқызылды": Көкшетауда 9 жастағы қызды асырап алғандар оны мектепке жібермей қойған

Белгілі болғандай, 9 жастағы қызды көкшетаулық отбасы асырап алған.

"Ауруханаға жатқызылды": Көкшетауда 9 жастағы қызды асырап алғандар оны мектепке жібермей қойған
pixabay.com
5089

Көкшетауда арнайы тексеріс кезінде 9 жастағы асырап алынған қыздың ұзақ уақыт мектепке бармағаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көкшетау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізді. Осы тексеру қорытындысы бойынша қорғаншылықтағы 9 жастағы қыздың ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспағаны және қажетті медициналық көмек алмағаны анықталды", – делінген хабарламада.

Қазір науқас деп танылған 9 жастағы қыз көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ал қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.

Прокуратура органдары Білім бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаға психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары