234
Астанаға Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесудің қатысушылары келе бастады
Астанаға Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесудің қатысушылары келе бастады
Сирия мәселесі бойынша Астана процесі аясындағы кезекті кездесуге қатысушылар елордаға келе бастады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, Сирияда жауынгерлік әрекеттерді доғару режімі тиісті нәтиже берді және бітімгерлікке қосылғандар саны артып келеді. «Дәл қазір осы кездесуге тағы кімдер қатысатынын нақты айта алмаймын. РФ тарапынан ресми хабар алдық, яғни РФ Президентінің арнайы өкілі, РФ Сыртқы істер министрінің арнайы өкілі қатысады. Сонымен қатар Түркия мен Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысатыны жоспарланған. Бүгінде осы кездесудің өзге де қатысушыларынан да жауап күтіп отырмыз», - деді министр.
Айта етейік, бұған дейін Сирия бойынша Астанадағы кезекті кездесу 14-15 наурызда өтетіндігі хабарланған еді. Ал талқылаулардың бірінші кезеңі елордада 23-24 қаңтарда ұйымдастырылған болатын. Ал 16 ақпанда келіссөздердің екінші кезеңі өтті.