Абай облысының тұрғыны туысының ақшасын құмар ойынға салып жіберген

Ағасынан қоңырау шалу үшін телефон сұраған.

Абай облысының тұрғыны туысының ақшасын құмар ойынға салып жіберген
stan.kz
804

Абай облысының тұрғыны 2 млн теңге ұрлап, құмар ойынға салып жіберген. Қазіргі таңда есептегі сотталған жазасын өтеп жүр, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Абай облысының 25 жастағы тұрғыны Семей қаласында өзінің туысының үйінде отырып, ағасынан қоңырау шалу үшін телефон сұраған.

«Содан заңсыз түрде банктердің бірінің мобильді қосымшасына кіріп, кездейсоқ таңдау арқылы кодын ашып, өзінің жеке шотына 2 млн теңге қаражат аударған. Көп ұзамай жәбірленушінің жиені ұрланған ақшаны букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген», - делінген хабарламада.

Сот құмар ойынға тәуелдіні ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындай отырып, сол мерзімге пробациялық бақылауды белгілеген.

«25 жастағы тұрғын пробация қызметіне есепке қойылды. Кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Отбасылы, кішкентай баласы бар, есепке қойылғаннан кейін оған әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілді. Бос жұмыс орындарының квотасы бойынша электрик ретінде жұмысқа орналастырылды», – деді пробация қызметінің аға инспекторы Назым Тохтар.

 

Серіктес жаңалықтары