304
Студенттерге арналған кәсіби машықтану жобасы ашылды
Студенттерге арналған кәсіби машықтану жобасы ашылды
Бүгін «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-і (ФМҚ) INKOMPASS - Қазақстанның студенттері мен магистранттары үшін бірегей тағылымдамадан өту бағдарламасы жұмыс істей бастағаны жөнінде жариялады. Аталмыш бағдарламаның озат тәлімгерлері диплом алғанға дейін компанияда жұмыс істеу туралы шақыру алатын болады.
INKOMPASS – күрделі және қиын мәселелерді шешу арқылы өзін тану, компанияның сән алуан мәдениетінің бір бөлігі болу, шынайы бизнес жобаларда кәсіби машықтарға ие болу, сондай-ақ іскерлік байланыстарды құру мүмкіндігін беретін, әр студентке қатысты жеке әдістеме қолданылатын, ақылы тағылымдамадан өту бағдарламасы болып табылады.
Бағдарламаға Алматы қаласында тағылымдамадан өте алатын ҚР барлық ЖОО-ның бакалавриатта оқитын үшінші курс және магистратурада оқитын бірінші курс студенттері қатыса алады. INKOMPASS бағдарламасы 2 кезеңнен тұрады: бірінші кезең 2017 жылдың жазында, яғни маусым айында басталып, 9 аптаға созылады, екіншісі – 2018 жылдың көктем айларында жүзеге асырылады. Жұмыс процесін толықтай меңгеру оқуға еш кедергі жасамайды, әрі тағылымдамадан өтудің барлық кезеңінде компания студенттерге еңбекақы төлейді. Екінші кезеңнен өту бірінші кезеңнен ойдағыдай өткен тағылымгерлер үшін ғана қолжетімді болады және екінші кезең 2018 жылдың ақпан айынан бастап сәуір айына дейін созылады.
ФМҚ-ның Қызметкерледі басқару бойынша директоры Алтынай Тезекованың айтуынша, бағдарлама ұйымның қандай бөлімінде тағылымдамадан өтуді өз еркімен таңдайтын, әртүрлі мамандықтарда оқитын студенттерге бейімделген. "Табысқа қол жеткізетін кандидат дарынды, батыл, білімқұмар және білімге қатысты көзі ашық, топта жұмыс істей алатын және аналитикалық ойлау қабілеті бар тұлға болуға тиіс. Біздің ойымызша, осындай қабілеттерге ие болатын жастар тек өздерін ғана емес, айналадағы дүниесін де өзгерте алады", - деді ол.
Бағдарлама шеңберінде әрбір тағылымгерге коуч, жоба демеушісі және тәлімгер белгіленеді, олардың негізгі міндеті тағылымгердің үздік жұмыс тәжірибесін алуына және өзінің әлеуетін максималды арттыруына қажетті жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Тағылымгерлер нақты белгіленген мақсаты бар кешенді бизнес жобалармен айналысатын болады.
INKOMPASS тағылымдамадан өту бағдарламасы алғаш рет 2014 жылы Азияның 4 елінде бастау алған еді, бүгінгі таңда бағдарлама әлемнің 30 елінде жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 83,5 мыңнан астам студент бағдарламаға қатысуға өтінім беріп, олардың 625-і - Филип Моррис Интернэшнл (ФМИ) құрылымына кіретін әртүрлі компаниялардың тағылымгерлеріне айналды. ФМИ жоспарына 2018 жылы қатысушы елдер санын 50–ге дейін кеңейту кіреді.
Аталмыш компания тарихы Қазақстанда 1993 жылы «Алматы Темекі Компаниясы» АҚ сатып алудан басталды. ФМҚ-ның Алматы облысында орналасқан заманауи фабрикасы бар. Бүгінгі таңда компания темекінің Қазақстанда және Орталық Азияның басқа елдерінде сату үшін арналған әйгілі халықаралық брендтердің кең ауқымын өндіреді.