Әйеліне 55 секундта 12 рет қол көтерген: Алматыда ер адам қамауға алынды

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Әйеліне 55 секундта 12 рет қол көтерген: Алматыда ер адам қамауға алынды
Видеодан алынған кадр

Алматыда әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда ер адам әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған. Ер адам әйелге 55 секундта 12 рет қол көтерген.

Оқиға лифттің жанында болған. Ер адам әйелін қуып артынан келеді. Бір сәтте ер адам әйелге қол көтере бастайды. Ал қасында тұрған ер адамдар көмектеспей, қарап тұрады. 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталды және полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ведомство.