Нидерланды мен Түркия арасындағы шиеленіс күрделеніп барады

Нидерланды мен Түркия арасындағы шиеленіс күрделеніп барады

Нидерланды мен Түркия арасындағы шиеленіс күрделеніп барады
ашық дереккөзі
Түркияда жексенбі күні шеруге шыққандар Нидерландының Стамбулдағы консульдығы аумағына кіріп, корольдік туын түрік жалауына алмастырды. Бір күн бұрын, сенбіде Нидерланды мен Түркия арасындағы шиеленіске байланысты консулдық уақытша жабылған еді деп хабарлайды centralasian.org. 
Консулдық ғимараты мен голландиялық дипломаттар үйіне полиция күзеті қойылған. Бірақ шеруге шыққандар дипломатиялық өкілдіктің шатырына дейін шығып кетті. Туды алмастырған адам "Аллах акбар" деп айқайлап, одан соң қашып кеткен. Бірнеше минуттан соң Нидерланды туы қайта ілінді. Нидерландының Стамбулдағы консулдығы ғимаратының алдындағы наразылық акциясына шамамен жүз адам жиналды. Олар Нидерланды үкіметінің Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу ұшағына қонуға рұқсат бермегеніне наразылық білдірді. Дәл осыған ұқсас митинг Роттердамдағы түрік консулдығы алдында өтті. Нидерланды сыртқы істер министрлігі Стамбулдағы консулдықтағы ту төңірегінде мәлімдеме жасап, жағдайды "түсініксіз" деп бағалады.