Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды

Ол бұған дейін «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры лауазымын атқарған.

Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
gov.kz
861

Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. «Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «Қаржы және қаржы құқығы» маманы. 

Еңбек жолын 1999 жылы Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі қызметінен бастаған. 

Ол бұған дейін «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры лауазымын атқарған.

Серіктес жаңалықтары