Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды

Қазіргі уақытта ол қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды
t.me/POLICE_of_KZ

 

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды.

Қазіргі уақытта ол қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.