Ақтөбеде мектеп есепшілері 22 миллион теңге жымқырған

Жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректері де анықталды.

Ақтөбеде мектеп есепшілері 22 миллион теңге жымқырған
azattyq-ruhy.kz
567

Ақтөбе қаласы прокуратурасымен мектептерде жүргізілген тексеру кезінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

2023 жылдың ішінде бухгалтерлер жымқыру мақсатында өз есепшоттарына заңсыз ақша аударған.

«Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 млн теңгеден астам құрады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректері де анықталды.

Барлық құқық бұзушылық деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары