Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке ән кешін өткізеді

Бұған дейін Будапештте Stranger туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өткен болатын.

Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке ән кешін өткізеді
dimashnews.com

2024 жылдың күзінде Димаш Құдайберген Чехия мен Германияға жеке концертін өткізеді. Бұл туралы dimashnews.com жазды.

22 қарашада «Stranger» шоуы Прагада, ал 24 қарашада Дюссельдорфта өтеді.

22 қарашада сағат 19.30-да Чехия, Прагадағы Sortovni Hala Fortuna-да өтеді.

24 қараша сағат 18.00-де PSD BANK DOME, Дюссельдорф, Германия.

Бұған дейін Будапештте Stranger туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өткен болатын. Мажарстандағы ең үлкен алаң – Ласло Папп спорттық аренасында аншлаг болды. Концертке әншінің 77 елден жанкүйерлері келді.