Әнші Әли Оқапов әкесімен түскен фотосын жариялады

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің әкесінен аумай қалғанын жарыса жазуда.

Әнші Әли Оқапов әкесімен түскен фотосын жариялады
Фото: instagram/ AliOkapov
689

Роза Рымбаеваның ұлы оқырмандарына отбасылық мұрағаттан алынған құнды суретті көрсетті, деп жазды turkystan.kz.

Эстрада жұлдызы ата-анасымен түскен суретін Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

"Роза Қуанышқызының жалындап тұрған кезі ғой. Барған байқаудың бәрінен бас жүлдені алып жүрген шағы. Қандай керемет!", "Әли - ақылды жігіт, бәрін таразыға салып, ойланып істейді", "Әли, сізге екі тұлғаның ұлы болу бұйырды. Енді сіз халықтың ұлысыз", "Роза Рымбаева туралы ешқандай өсек естімеппін. Екі баласын тәрбиелеп, елге сыйлы болып отыр", "Әли әкесінен айнымай қалған екен", "Роза апай – аңыз адам, біздің мақтанышымыз", "Әли, әке-шешем және мен десең, бүкіл қазақ елі таниды", "Шіркін, ата-ананың орны бөлек қой", "Отбасың аман болсын", - деп жазды  желі қолданушылар.

 

Серіктес жаңалықтары