Талдықорғанда пәтерде қамалып қалған 4 жасар бала құтқарылды

Бала зардап шеккен жоқ.

Талдықорғанда пәтерде қамалып қалған 4 жасар бала құтқарылды
ТЖМ баспасөз қызметі

Талдықорғанда ТЖМ қызметкерлері 4 жасар баланы құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz. 

Оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала 5-қабаттағы пәтерде қамалып қалған. 

«Құтқарушылар балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен пәтерге кіріп, есікті аша алды. Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен берілді», - делінген хабарламада.

 Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес.