Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық жасөспірім қыздар бастапқы кездесуінде Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстан теннис федерациясы

Шымкент қаласында Belline Arena ұлттық теннис орталығында Asia/Oceania Final Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирінің алғашқы күні мәресіне жетті.

Қазақстандық жасөспірім қыздар бастапқы кездесуінде Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Алдымен Альбина Кәкенова Нгуенге еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1, 6:1. Содан кейін Ариана Гогулина Вуды тізерлетті – 6:1, 6:2.

Жұптық бәсекеде А.Кәкенова Ева Корышевамен бірге Ву – Квангқа бір ғана гейм берді – 6:0, 6:1.
А тобында Қазақстан бірінші, Жапония екінші орында келеді. Қос командада үш ұпайдан бар.

Бүгін Ярослава Шведованың шәкірттері жапониялық қыздарға есе жіберген Индонезиямен ойнайды.