Петропавлда су астында қалған үйден ер адамның мәйіті табылды

Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.

Петропавлда су астында қалған үйден ер адамның мәйіті табылды
t.me/petropavl_polisiasy
927

Петропавлдағы Подгора ықшамауданын су басып қалған еді. Су тартылған соң үйлердің бірінен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. 

“Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер денесінде жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция.

Серіктес жаңалықтары