Елімізде бензиннің шет елдіктер үшін тәуліктік лимиті енгізіледі

Өзгерістер күшіне енгеннен кейін арзан бағамен жанармай құюды қалайтын қазақстандықтар тәуліктік лимитті бақылау үшін ЖМҚС-қа жүргізуші куәлігін және техникалық паспортты ұсынуға міндетті

Елімізде бензиннің шет елдіктер үшін тәуліктік лимиті енгізіледі
apostrophe.ua

17 мамырдан бастап Қазақстанда шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, отын бағасына өзгерістерді ҚР Энергетика министрлігі реттейді.  

Бұйрықтың мәтіні zan.gov.kz сайтында жарияланды. 

Құн салығын ескере отырып, бензин үшін төмендегідей шекті бағалар белгіленді: 

Шетел азаматтары үшін АИ-80 бензинінің литріне 89 теңге; 

Шетел азаматтары үшін АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің литріне 245теңге; 

Қазақстандық жүргізуші құжаттары бар Аи-92 және АИ-93 маркалы бензин литріне 205 теңге, лимиті күніне 100 литрге дейін; 

Қазақстанда тіркелген көлік үшін литріне 205 теңге, лимиті күніне 300 литрге дейін. 

Қосылған құн салығын ескере отырып, дизель отыны үшін шекті бағалар:

Шетелдік азаматтар үшін дизель отыны үшін литріне 315 теңге; 

Қазақстандық жүргізуші құжаттары бар дизель үшін литріне 295 теңге, лимиті күніне 100 литрге дейін; 

Қазақстанда тіркелген жүк және мамандандырылған көлік үшін литріне 295 теңге, лимиті күніне 300 литрге дейін. 

Өзгерістер күшіне енгеннен кейін арзан бағамен жанармай құюды қалайтын қазақстандықтар тәуліктік лимитті бақылау үшін ЖМҚС-қа жүргізуші куәлігін және техникалық паспортты ұсынуға міндетті.