"Қазгидромет" 12 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында – қатты жауын-шашын болады деп күтіледі.
Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сипат береді деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ құбылыс - желдің екпін алуы, батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ түседі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең шығыста, орталық өңірлерде тұман болады деп күтіледі.